Жамбыл ауданының бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы Бесағаш ауылында болып қайтты. Исламның бес парызының бірі - зекет турасында уағыз айтып, жастармен кездесті. Сонымен қатар, жастардың сауалдарына жауап берді.
Бесағаш ауылында мектеп бітіргеніне 10-20 жыл болған түлектер аудан имамымен жолықты. Аудан имамы түлектердің мұрйындық болуымен жасалып жатқан ауыл мешітінің күрделі жөндеу жұмыстары және дәретхана құрылысымен танысты. Жастардың мен ауыл имамы Айтжан Керимовтың атқарып жатқан жұмыстарына ризалышығын білдірді.
Серік Нұркелді
Жамбыл ауданының баспасөз қызметі