#Шу қаласы: ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ДІНИ ҰЙЫМДАР ТҮСІНДІРІЛДІ

#Шу қаласы: ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ДІНИ ҰЙЫМДАР ТҮСІНДІРІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде ДАТТ-ның мүшесі, Шу қаласындағы «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің имамы Бақыт Базарбайұлы бөлім қызметкерлеріне, Қазақстанда тыйым салынған діни ұйымдар туралы түсіндірді.

"2014 жылы 18 тамызда Нұр-сұлтан қаласының Сарыарқа аудандық сотының «Ат-Такфир» уаль-хиджра» халықаралық ұйымын экремистік деп тану және оның қызметіне Қазақстан Республикасында тыйым салу жөніндегі сот үкімі шыққан. Енді бұл бағыттың құрылуы мен алғашқы ортаға шығуын айтар болсақ, «Ат-Такфир уаль-хиджра» лидері Шукри Мустафа осы ұйымының мүшесі ретінде қамауға алынған болатын. Бұл кезеңдерде Шукри алты жыл абақтыда отырады. Оның бұл көзқарастары негізінен абақтыда отырған уақыттарда туындап, арта түсті. Шукри жамағатының кітаптарына тоқталар болсақ, олардың ішіндегі белгілілері: «Китабул Хужжиат», «Ижмалу Тәвилатихим уа ижмалур Ред аләйхә», «әт-Тәвассумат», «Әл-Хиләфә»" - дейді маман.

«Ат-Такфир уаль хиджра» жамағатының негізгі көзқарастары: Қоғам - кәпір, Үкімет - кәпір деп санайды. Ширк және үлкен күнә жасаған адамдарды "кәпір" деп есептейтіні туралы да тілге тиек болды.

 Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: