#Меркі ауданы: Мешіттерді зерделеу жұмыстары жасалды

#Меркі ауданы: Мешіттерді зерделеу жұмыстары жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданының бас имамы Нұрбек Жанықұлов Меркі ауданындағы орталықтағы мешіттерді аралады.

Жұма намазына келген адамдарға арақашықтықты сақтау белгілерін қою, мешітте антисептик, термометр құралдарының жасақталғанын және мешіттің тазалығын аралап, мешіт имамдарына мешітке келген жамағатқа санитарлық талаптарды орындауды тапсырды.

Аудан имамы мешіттің ішкі-сыртқы тазалығын бақылап, "жақсы" деп баға берді.  Кем-кетістерін тілге тиек етіп, алдағы уақытта орындалу керектігін айтты. Мешіт имамдары талаптардың орындалатындығына сөз берді.

  Есбол Алпысбаев

«Меркі ата» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: