Тараз қаласы бойынша әйел-қыздар секторы Жібек Болатбекқызының ұйымдастыруымен көктемнің алғашқы жұма күнінде ақ жаулықты аналарымызға арналған мерекелік іс-шара өтті. Шараға Жамбыл облысы бойынша бас имамы Мырзагелдиев Бейбіт және қаланың бас имамы Садиев Амантай арнайы шақырумен келіп ақ жаулықты аналарымызға гүл шоғы мен тәттілер сыйға тартып, «бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен ақ жаулықты аналарымыз аман болсын!» деп дұға қылды.
Жиын соңында жасы 85 ке келген Сейдазымқызы Әуес апамыз ізгі тілек-батасын беріп алғысын айтты.