Т. Рысқұлов ауданы Луговой ауылы "Әл-Хақ" мешітінің имамы Үмбет Сабырханов М.Горкий атындағы мектепте өткен "Болашақ жастар және Діни тәрбие" тақырыбындағы кездесуге қатысты.
Жиынға әкімшілік қызметкерлері, ішкі саясат мамандары және теологтар қатысты. Шарада оқушыларға имани тәрбие жайлы көркем насихат айтты. Ата-ананы құрметтеу, исламдағы әдеп, баланың ата-ана алдындағы міндеттерін жеткіншектерге ұғынықты етіп түсіндірген маманға балалар сұрақтарын қойып, өздерін мазалаған сауалдарға жауап тапты.
Т.Рысқұлов аудандық мешітінің баспасөз қызметі