Бүгін "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Бахтияр Амиреев діни экстремизмнің алдын алу мақсатында Меркі ауданы имам-молдаларымен семинар кездесу өткізді. Бахтияр Амиреев сөз сөйлеп, теріс ағымның белгілері, ақида саласындағы қателіктері жайында дәріс жүргізді.
Қазіргі таңда халық арасында белең алып, кең таралып жатқан теріс ағым ұстанушыларының "Құранды тура мағынада түсіну" түсінігі тереңінен қаралып, талқыланды.
Семинар соныңда имам-молдалар ойларында жүрген сұрақтарын қойып жауаптарын алды.
Есбол Алпысбаев
«Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі