#Қордай: Алғыс күніне орай сайыс өтті

#Қордай: Алғыс күніне орай сайыс өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алғыс айту күніне орай Қордай аудандық Әйел-қыздар секторының ұйымдыстыруымен, ұстаз Эльмира  Есімқараеваның ұйытқы болуымен қыз-келіншектер арасында "Адамға рақметі болмағанның - Аллаға шүкірі болмайды" тақырыбында пайғамбар өмірбаянынан жарыс өтті. 

Қыздар бас қосқан білім додасында ақ жаулықты әжелеріміз қазылық етіп, аруларымыз бар білгендерін ортаға салып, адамзаттың асыл тәжі Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) басып өткен өмір жолы жайлы әсерлі оқиғаларды тілге тиек етті.

Сыннан сүрінбей, барлық сұрақтарға мүдірмей жауап беріп, оза шыққан шәкірттерге бағалы сыйлықтар табысталды. 

Шара соңында көпшілік бір-біріне алғыс айтып, Аллаға шүкіршіліктерін айтып тарқасты.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (4)

Оқи отырыңыз: