#Шу ауданының бас имамы тұрғындарға алғысын білдірді

#Шу ауданының бас имамы тұрғындарға алғысын білдірді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданының бас имамы Аят қажы Дыбысұлының ұйымдастыруымен көктемнің алғашқы жұлдызы, алғыс айту күні, қыстың суығына қарамай қар тазалап, күннің ыстығына қарамай көше сыпырып, жаңбырға қарамай қоқыс теріп, көше тазалығы үшін тер төгіп, аянбай қызмет етіп жүрген аудан тұрғындарына тәтті бәліш таратты.

"Үйлеріңізде бала-шағаларыңызбен отырып, тәтті бәлішпен шай ішіңіздер. Біз сіздерге алғысымызды білдіреміз. Сіздердің елге қосқан үлестеріңіз өте зор. Ауырмаңыздар, сырқамаңыздар, ұл-қыздарыңыздың қызығын көріп, өмір жастарыңыз ұзақ болсын" - деп тілеген тілегіне тәнті болған жұмыскерлер шуласып рақметін жаудырды.

Талғат Кәрібайұлы

Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: