Бүгін жамағатты сүйіншілеп Тараз шаһарында 2 бірдей қызметтік үйдің ашылуы өтті. Атаулы шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев, қалалық "Кеңесхан қажы" мешітінің бас имамы Амантай Садиев, мешіт имамдары Амангелді Ембергенов, Талғат Сматов пен ақсақалдар, үйдің бой көтеруіне атсалысқандар, дін қызметкерлері қатысты.
Имам Алла үйінің жанында тұрса, жамағатпен кездесу, тілдесу жеңілдей түссе деген мақсатта дайындалған шаңырақ мешітке қызметке келетін жас отбасылар үшін ыңғайлы, жылы, 2 бөлмелі етіп салынған.
Аталған ғимараттың лентасын облыс имамы мен мешіт ақсақалы қиып, үйді аралап, ислам дінінің қуаты, берекесі үшін дұға жасады.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі