ҚМДБ «ЗЕКЕТ» қорының ұйымдастыруымен «Жылулық сыйла» акциясы аясында Тараз қаласы имамдары, атап айтқанда «Құлбай баба» мешіті имамы Амангелді Ембергенов пен наиб имамы Талғат Сматов және «Әулие ата» мешіті имамы Ораз Баймаханов, беделді азаматтардың демеушілігімен жағдайы төмен отбасыларға қайырымдылық жасады. Игі шараға 827 000 теңге қаражат жұмсалды.
Аталған науқан аясында 81 отбасына 26 тонна көмір, 5 отбасына азық-түлік, 5 отбасына ет және 4 отбасына қаржылай көмек берілді. Еліміздегі қандастарымыздан мұқтаж жандарға қол ұшын созып, жәрдем қылған азаматтардың Алла Тағала дендеріне саулық пен екі дүниенің бақытын нәсіп етсін!
Тараз қалалық "Кеңесхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі