ҚМДБ "Зекет" қорының ұйымдастыруымен Жамбыл облысында "Жылулық сыйла" атты қайырымдылық науқаны жасалып, облыс бойынша қайырымдылыққа 3 460 000 теңге қаражат жұмсалды.
Бастама аясында бірінші көмір таратылған болатын. Іс-шара өткен барлық қала, аудан, ауыл мешіттері тек көмірмен шектеліп қалмай, тұрғындардың түрлі қажеттіліктері де ескерді. 200-нен астам отбасыға азық-түлік жеткізілсе, телефон, ет, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арба, киім түрлері, ақшалай көмек жасалды.
Атап айтсақ, Тараз қаласының мешіттері 5 отбасыға азық-түлік, 4 отбасыға ет үлестіріп 255 мың жұмсаса, Талас ауданы 10 отбасынға 70 мың теңгеге, Т.Рысқұлов 5 отбасыға 50 мың теңгеге, Меркі ауданы 250 мыңға, Байзақ 10 отбасыға, Қордай 60 отбасыға 750 мыңға азық-түлік алды. Ал Шу ауданы 1 ірі қара және 4 қой еті 25 отбасыға, 20 отбасыға азық-түлік таратып, 555 000 теңге жұмылдырса, Шу қаласы 50 отбасыға 1,5 млн теңгеге қайырымдылық жасады.
Көмек алған жанұялар жүрек жарды алғыстарын айтып, қуаныштарымен бөлісті.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі