#Тараз қаласында әлеуметтік дүкен ашылды

#Тараз қаласында әлеуметтік дүкен ашылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз шаһарында "Әл-Фридаус" мешітінің жанынан әлеуметтік дүкен жұмысын бастады. Бүгін мұқтаж жандарға тегін көмек көрсететін орынның ресми ашылу салтанаты өтті. Атаулы шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев, қалалық "Кеңесхан қажы" мешітінің бас имамы Амантай Садиев пен мешіт жамағаты қатысты.

Игі бастаманың лентасын Облыс имамы мен мешіт ақсақалы қиып, халық амандығы, ауырбіршілігі, елін ойлаған ерлерге Алла разылығын тілеп дұға жасады. 

"Әл-Фридаус" мешітінің имамы Ғалымбек Жапектің айтуынша, дүкен аптаның әр жұмасында 3 отбасыға қайырымдылық көсетеді. Көпбалалы, жалғызбасты, мүмкіндігі шектеулі, жағдайы төмен жанұялар үшін мұнда 15 түрлі азық түрі мен киім-кешек, тіпті шелек сынды қажеттіліктерге дейін беріледі. Келушілер үшін ыңғайлы болсын деп киімдерді іліп, таңдауға мүмкіндік жасалған. 

Осылайша мешітке көмек сұрап келген отбасыларға әр жұма сайын қайырымдылық жасамақ.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: