"Жылулық сыйла" акциясы Шу ауданында жалғасын тапты

"Жылулық сыйла" акциясы Шу ауданында жалғасын тапты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Шу ауданының бас имамы Аят қажы Дыбысұлының ұйымдастыруымен, ауқатты азаматтардың демеушілігімен, «Жылулық сыйла» акциясы аясында, аудан аймағында тұратын, отын суы таусылған 10 отбасына 5 тонна көмір түсіріп, 10 қаптан үлестірді.

Қайырымдылық жасау - сауапты іс. Пайғамбар (с.а.у) сүннеті, бізге қалдырған асыл қазына. Әр қашанда дін мамандарының сөзін жерге тастамай, демеушілік танытып жүрген, кәсіпкер азаматтарымыздың кәсіптеріне береке, істеріне сәттілік, Алланың нұры жауғай.

«Жылулық сыйла» акциясына куәгер болған мұқтаж отбасылар, ризалықтарын білдіріп, баталарын жаудырды.

Аудан имамы Аят қажы Дыбысұлы алдағы уақытта осындай игі іс-шара жалғасы табатынын жеткізді.

Талғат Кәрібайұлы

Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: