Облыс имамы қаза болған 5 баланың жаназасына қатысып, көңіл айтты

Облыс имамы қаза болған 5 баланың жаназасына қатысып, көңіл айтты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Кеше болған қаралы оқиға бүкіл елдің қабырғасын қайыстырды. Бүлдіршіндердің ата-анасына қайғырып көңіл айтамыз! Тілсіз жаудың қолында 5 бірдей періште ажал құшты.  Мұндай ауыр, терең қайғыны Алла ешкімнің басына бермесін! Қыршыннан қиылған қызғалдақ ғұмырлар баршамыздың жүрегімізді жылатты. Бекем болыңыздар, Алла жеңілдігін берсін, қазаның арты қайырлы болсын!"

Осылайша Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы қара жамылған отбасыға көңіл айтып, бүгін жаназа намазына қатысты. Бауыр еті балаларын жер қойнына тапсырған жас отбасыға басу айтып, Алладан ұзақ дұға жасады. Сонымен қатар облыс имамы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының көңіл айту сөзін жеткізіп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы атынан қаржылай көмек берді.

Қасиетті Құранда: «Жер бетіндегі барлық нәрсе пәни, яғни өткінші…»(«Рахман» сүресі, 26-аят); «Әрбір жан иесі өлімнің дәмін татады» («Әнбия» сүресі, 35-аят) деген аяттар кез келген адамның өлетіндігін ашық айтып тұр.

Жаратушы Жаппар иеміз мұндай сынақпен сынамасын, Алла жер бетіндегі барлық балаларға амандық берсін! 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: