ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінде студенттермен жүздесу өтті.
Оқу орнының директорының орынбасары Сәкен Сейдікәрімов пен сектор өкілі Нұрсұлтан Мамбетбай жастарға "Намаз" тақырыбында сүбелі уағыз, көркем насихат айтты.
Намаздың парыз болуы, ол үшін берілетін сауаптар, намаз оқыған кездегі рухани күй, намаздың парыздары, сүннеттері, намаздағы ихсан мәселесі тілге тиек болып, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі