Болашақ дін мамандарына деструктивті ағымдарға қарсы дәріс өтті

Болашақ дін мамандарына деструктивті ағымдарға қарсы дәріс өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінде діни экстремизмнің алдын алу мақсатында студенттермен кездесу өтті. Шарада оқу орнының директоры Қанат Жұмағұл мен "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Бахтияр Амиреев сөз сөйлеп, теріс ағымның белгілері жайында дәріс жүргізді.

Қазіргі таңда халық арасында белең алып, кең таралып жатқан теріс ағым ұстанушыларының "Құран бағыштауға болмайды" түсінігі тереңінен қаралып, талқыланды.

Осы ұстаным тұрғысында Ислам ғұламалары не дейді, Құран бағыштау шариғатта бар ма сынды сауалдарға жауап берген шарада шәкірттер дәлелді де дәйекті имани иммутнитет боларлық толық ақпараттар алды.

Айта кетейік, студенттермен деструктивті ағымдардың алдын алуға байланысты апта сайын 1 сабақ, 1 кездесу жүргізіліп тұрады. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: