Тараз шаһарынан шығатын "Иштаев" ЖК шұжык өнімдері "Халал" сертификатын алды.
ҚМДБ "Халал даму" ұйымы кәсіпорындардың стандартқа сай қызмет атқаруын қадағалау мақсатында маусымдық тексеру жұмыстарын жүргізіп отырады. Сонымен қатар мерзімі біткен сертификаттарды жаңарту үшін өңдіріс орны қайта тексеруден өтеді.
Осындай кәсіпорынның бірі "Иштаев" цехы өз сертификатын жаңартып, халал аспен көпшілікті қуантуды жалғастырмақ.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі