#Қордай: Мұрағат қызметкерлерімен діни жүздесу жасалды

#Қордай: Мұрағат қызметкерлерімен діни жүздесу жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай өңірінің бас имамы Асқар Зәкіржанұлы аудандық Мұрағат қызметкерлерімен кездесті. "Діни сауаттылық - ішкі тұрақтылық кепілі" тақырыбында өрбіген өнегелі әңгіме көпшіліктің көкейкесті сауалдарына жауап болды. 

Діни білімнің екі дүние үшін маңызы, адам болып өмір сүруді жеңілдететіндігі жайлы тұщымды насихат тыңдағандар рухани азық алғандарын айтып, ойларымен бөлісті.

Құран Кәрімде ілім жайында 600-ден аса аятта баян етіп, мұсылманның сауатты болуын бұйырады. Аятта «Білген мен білмеген тең болмайды» деп бекер айтылмайды. Ал білім алу мен сауатты болуға қатысты Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көптеген хадисін санамалап шығуға болады. Дегенмен мына бір хадис білім алудың қаншалықты сауапты екенін аңғартса керек: «Уа, Әбу Зар! Таңертең үйіңнен шығып, Құраннан бір аят үйренуің сен үшін 100 ракағат нәпіл намаз оқығаннан да жақсы. Сол секілді таңертең үйіңнен шығып, ілімнен бір бөлім үйренуің сен үшін 1000 ракағат нәпіл намаз оқудан хайырлы» (Ибн Мажа, Муқаддима 16) деген өсиетін еске салайық.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: