Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы "Сұлтан" мешітінің бас имамы Сұлтаншарип қажы Джадраевтың ұйымдастыруымен ҚМДБ-дан келген тапсырмаларды түсіндіру мақсатында ауыл имамдарымен жиналыс өткізді.
Жиналыста аудан бас имамы үстіміздегі жылы жеті бағыт бойынша жұмыс атқаруды тапсырды, имамдардың қызметтік әдебімен таныстыра отырып, мешіт қызметкерлерінің киім киісі мен жүріс–тұрысы, әдеп-ахлағы ҚМДБ бекіткен талаптарға сай болуы және жұма намаз бен жамағат намаздарында карантиндік ережелерді сақтауға шақырды.
Қуаныш ТҮЗЕЛБЕКОВ
Т. Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі