#Шу аудандық мешітте Ережеп айының құрметіне ауызашар берілді

#Шу аудандық мешітте Ережеп айының құрметіне ауызашар берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті ережеп айының құрметіне айдың бірінші жұлдызы Шу аудандық "Төле би" мешітінің асханасында жамағат ішінен ораза ұстаған бауырларға дастархан жайылып, ауызашар берілді.

Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) әрдайым Ережеп айына аяқ басқан уақытта «О Алла, біздерге Ережеп, Шағбан айларының берекесін беріп, Рамазанға қауыштыра көр!» деп дұғада болатын. Мұсылман баласын Рамазан айындағы оразаға дайындайтын, ережеп пен шағбан айларының берекесі қасиетті түндер, оның нәпіл оразаларымен ауызашарларында болса керек.

Аудан имамы Аят қажы Дыбысұлы жиылған жамағатқа ережеп айының қадір-қасиеті жайында уағыз-насихат айта келе бұндай іс-шаралардың болып тұруы жамағат арасында ынтымақтықты күшейтіп, бауырмалдықты арттырудың бірден-бір жолы,-деді.

Талғат Кәрібайұлы

Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: