Мойынқұм ауданында кеңес әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шығарылғанына 32 жыл толуына орай, Ауғаныстан соғысында қаза болған сарбаздарды еске алып, рухтарына арнайы құран бағышталды. Соғыста қаза болған сарбаздардың от-басыларына көңіл айтылды.
Сұм соғыстан аман-есен оралған сарбаздарға жақсы тілектер айтылып, ұрпаққа батырлықтың үлгісін көрсеткен ағаларымыз үшін құрмет, қошемет көрсетіліп, арнайы дастархан жайылды. Аудан имамы Еспенбетов Рысбай Асылбекұлы енді соғыс оты тұтанбауын
тек еліміз бейбіт өмірде болуын Алладан тілеп дұға жасады.
Мойынқұм аудандық мешітінің баспасөз қызметі