15 ақпан – Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 32 жыл толуына орай Ауған соғысына қатысқан аудандағы ардагерлерге құрмет көрсетіліп, оларға аудан басшылығы тарапынан сый-сияпаттар жасалды.
Аудан әкімі Н.Ергебеков және аудан бас имамы Нұрлан Амирбаев Ауған соғысының ардагерлерімен кездесіп, бір сәт олардың мұң-мұқтаждарына, әлеуметтік мәселелеріне назар аударды.
Ауған соғысынан қаза тапқан, оралмай қалған сарбаздардың шаңырақтарында құран бағыштап, дұға жасады. Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өткізді.
Жиын барысында айтылған ұсыныс-тілектердің ескерілетінін баса айтқан аудан әкімі Н.Ергебеков Ауған соғысының ардагерлеріне сый-сияпаттар жасап, әрбір ардагердің отбасына амандық тілеп, оларды алдағы уақытта да ел дамуына, жас ұрпақтың болашағы мен тәрбиесіне атсалысуға шақырды.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі