Т. Рысқұлов ауданында «Берекелі жұма» қайырымдылық акциясы жалғасын тапты.
Науқан аясында Т. Рысқұлов ауданының бас имамы Сұлтаншаріп қажының ұйымдастырумен ауданда тұратын жағдайы төмен 20 отбасына қайырымдылық жасалды.
Отбасыларға азық-түліктей көмек жеткізіп, мешіт имамдары алғыстарын алды. Жалпы қайырымдылық акциясына жұмсалған қаражат сомасы 260 000 теңгені құрады.
Т. Рысқұлов ауданының баспасөз қызметі