Жуалы аудандық «Толымбай тегі Зиябек» мешітінің бас имамы Нұрлан Жұмакерімұлының Қосбөлтек ауылына іс-сапарға барды.
Сапар барысында қасиетті жұма күні Қосбөлтек ауылдық «Ән-нұр» мешітіне арнайы барып, жұма намазын оқуға келген көпшілікке әлі де санитарлық талапты сақтау керек екендігін, карантиндік режим әлі де күшінде тұрғанын және дене қызуы бар адамдардың көпшілік арасында ыңғайсыз жағдай туындамауын түсіндіріп айтты. Мешіттің іші-сыртын қарап, карантиндік талапқа сай екендігін қадағалады.
Намаз соңында көпшілік жамағатпен «Еліміздің сыртын жаудан, еліміздің ішін даудан сақтай гөр» деп Алладан тілеп дұға жасады.
Мешітке келген жамағаттың жұмаға рұқсат берілгенін айтпай-ақ жүздерінде қуаныштың табы сезіліп тұрды.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі