Талас аудандық мешітінің бас имамы Нұрсұлтан Алиев Тамды ауылы ауылындағы «Тәңкібай ата» мешітінде жамағатпен кездесіп, жұма намазын бірге оқыды. Кездесу барысында имам жұқпалы індеттің әлі сейілмегендігін, карантин режимі талаптарын сақтап, сақтық шараларына мұқият болу қажеттігін еске салды.
"Алланың үйіне келуші жамағат медициналық маска киіп, құлшылық жасау кезінде 1,5 метр арақашықтық сақтауы тиіс. Бұл өз кезегінде індеттің алдын алуға септігін тигізеді," - деді аудандық мешіттің бас имамы.
Аудандық «Қаратау қажы би» мешітінің баспасөз қызметі