Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде қасиетті жұма күні аудан жастары мен еріктілердің, аудан имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлының ұйымдастырумен «Жан жылуы» акциясы өткізілді.
Қайырымдылық іс-шара ауданға қарасты барлық ауылдық округтеріне 2 отбасыдан 40 отбасыны қамтыды. Аудан имамы атқарылып жатқан іс-шараға ел-жұрттың амандығын тілеп, елде болып жатқан індеттен ел-жұртымызды сақтасын деп батасын берді.
Аудан жастарына қайрымдылық көмек алған отбасылар қайырымдылық жасаған акцияға ризашылығын білдірді.
Серік Нұркелді
Жамбыл ауданының баспасөз қызметі