Тараз шаһарына Нұр-сұлтаннан арнайы ат артып келген ҚМДБ "Халал даму" ЖШС өкілдері қаладағы "Халал" сетрификатын алған дәмханаларға тексеріс жүргізді.
Тексеріс тобында "Халал даму" ветеринар ісінің маманы Данияр Сафиев, "Халал даму" бойынша Жамбыл облысындағы өкілі Нұрматжан Миразизов, Тараз қаласы бойынша "Халал" өкілі Асылхан Нұрмаханұлы, "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Бахтияр Амиреев болды.
Комиссия мүшелері "Кәусар", "Изюм", "Ким-миш" кафесінің асханаларын тексерді. Мамандар ғимараттың, ас дайындалатын орындарының тазалығын, тағам, азық-түлік қоймасын толықтай аралып шығып, тізімге сәйкес талаптардың орындалуын қадағалады.
Дәмхана қызметкерлерін жинап, Бахтияр Амиреев асханада халал ас дайындаудың маңызын түсіндіріп, сүбелі насихат айтты. Ол өз сөзінде: "Ас халал болғанымен бұл іс қызметкерлердің келбетінде, тазалығында, мінезінде де көрініс табуы керек. Азық-түліктің халал болуы ғана емес, сол тағамның халал пісіріліп жатқаны да маңызды," - деп, ас дайындауда ғұсылдың болуы, "бисмилләмен" бастау сынды кеңестерді берді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі