Жамбыл ауданының бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы Жалпақтөбе ауылы «Тұрғани» мешітіне барды. Ол аудандағы үлкен мешіт болып саналады. Мешіттің сыйымдылығы - 1500 адам.
Жұма намазына келген адамдарға арақашықтықты сақтау белгілерін қою, мешітте антисептик, термометр құралдарының жасақталғанын және мешіттің тазалығын аралап, ауыл имамына мешітке келген жамағатқа санитарлық талаптарды орындауды тапсырды.
Аудан имамы мешіттің ішкі-сыртқы тазалығын бақылап, "жақсы" деп баға берді. Кем-кетістерін тілге тиек етіп, алдағы уақытта орындалу керектігін айтты. Ауыл имамы талаптардың орындалатындығына сөз берді. Арнайы келген аудан имамы ҚМДБ-дан келген тапсырма бойынша, тәуелсіздікке 30 жыл толуына орай, 5 уақыт намазда дұға жасау керектігін тапсырды: «Уа, Алла! Еліміздің сыртын жаудан, ішін даудан сақтай гөр!». Тәуелсіздік- баршамыз үшін баға жетпес қазына.
Серік Нұркелді
Жамбыл ауданының баспасөз қызметі