Жамбыл ауданында 30 мешіт бар. Барлығы да ҚМДБ-на филиал болып тіркелген. Бүгінгі таңда Қызылқайнар ауылында тағы бір мешіттің құрылысы жүріп жатыр.
Соғылып жатқан мешітке ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы ат басын бұрды. Ауыл әкімінің орынбасары Асхат Саршаев және мешітке ат салысқан демеушілермен жолығып, мешіттің құжаттарымен танысты. Мешіт құжаттары ҚМДБ-ға өту керектігін айтып, мешітке имам ҚМДБ-дан тағайындалатынын айтты. Жамағаттар аудан имамының сөзің қолдайтындығын және орындалатындығын жеткізді.
Серік Нұркелді
Жамбыл ауданының баспасөз қызметі