#Жуалы: «Берекелді жұма» жалғасын табуда

#Жуалы: «Берекелді жұма» жалғасын табуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы ауданы «Толымбай тегі Зиябек» мешітінің бас имамы Нұрлан Амирбаев қасиетті жұма күніне орай «Берекелді жұма» қайырымдылық науқанын өткізді. Жұма күніне орай қайырымдылық акция барысында «Хадиша» шаштаразының ұжымдарымен  аз қамтылған және жетім балалардың шашын қысқартырып берді.

Сонымен қатар имамдар 7 отбасыға қайырымдылық жасап, үйлеріне жеткізіп берді. Көмек алған отбасылар жасалып жатқан «Берекелі жұма» қайрымдылық науқанына алғастарын айтып, ризашылығын білдірді.

Сонымен қатар аудан көлемінде «Берекелі жұма»  акциясы барысында бірқатар мешіттердің, атап айтсақ, «Түктібай» мешітінің молдасы Базарбаев Мұраттың ауыл жастарын ұйымдастыруымен 3 отбасыға қайырымдылық жасалды және «Күреңбел», «Қарасаз», «Дихан» мешіт имамдарының ұйытқысымен 5 отбасыға азық-түліктер, 1 отбасыға ешкі құдайы садақа таратылып берілді.

 Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: