Шу қалалық «Жәми» мешітінде қала мешіттері имамдарының жиыны өтті. Жиналыста Шу қаласының бас имамы Қуат Дүйсенбайұлы 2021 жылы атқарылатын жұмыс жоспарына тоқталып өтті.
Осы жылы ҚМДБ-ның бекіткен жеті бағыт бағыт бойынша жұмыс атқарылады. Атап айтқанда, ақпарат және қоғаммен байланыс, уағыз-насихат, қайырымдылық, оқу-ағарту және кадрлық әлеует, рухани тәрбие – Ихсан ілімі, дін мен дәстүр, жат діни ағымдармен жұмыс бойынша басымдық берілетін болады.
Сонымен қатар Шу қалалық «Жәми» мешітіне жаңадан тағайындалған найб имам "Нүр-Мүбарак" Египет ислам университетінің түлегі Оспан Мұхамедали Айтхожаұлын және әйел ұстаз қари Бекпембетова Сәулені таныстырды.
Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.