"Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің 1 курс студенттері "Көне Тараз" мұражайын аралады. Оқу орнында Жамбыл облысынан басқа Қызылорда, Түркірстан сынды өзге де өңірлерден келген шәкірттер білім алады.
Осы биыл ғана студент атанған жастарға Тараз шаһарын аралатып, тарихи жәдігерлермен танысу мақсатында жасалған іс-шара шәкірттерге рухани күш сыйлағаны анық.
Руханият және тарихтану орталықтарын, қолөнер шеберлерінің галереясы және ескі қаланың қирандылары табылған жерлерді көріп қайтты.
2000 жылдам астам тарихы бар көне шаһар дін ғұламаларының құтты мекені болған. Жастар тарихтағы дін ғалымдарының ордасында діни ілім алып жатқандарына қуанышты екенін тілге тиек етті.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі