Әйелдер жамағаты білім додасында бақ сынады

Әйелдер жамағаты білім додасында бақ сынады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін "Һибатулла Тарази" мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен "30 хадис" атты жарыс өтті. 

Қыз-келіншектердің рухани ресурсын, діни білімін арттыруды көздеген игі бас қосуға мешіттің әйелдер жамағаты қатысты. 

Сайыста сынға түскендер билет бойынша сұраққа жауап берді. Билетте 30 хадис кітабынан және пайғамбар (с.ғ.с.) өмірбаянынан сұрақтар келді. Жүзден жүйрік атанып, сыннан сүрінбей өткен қыздарға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды. 

Іс-шарада сөз сөйлеген сектор жетекшісі Гүлжан Алдасаева: "Жарысты ұйымдастырудағы мақсатымыз - қыз-келіншектерді жақсы жар, аяулы ана, салихалы әйел болуға баулу. Әйел заты бала тәрбиесінде ерекше рөл ойнайды. Батырды да, басшыны да тәрбиелейтін ана. Сондықтан нәзік жандылардың жан-жақты болмағы, әсіресе иман тұрғысынан кемелді болмағы күллі адамзатты тәрбиелеуде зор септігін тигізеді," - деді өз сөзінде. 

Айта кетейік, жиын өткізу барысында санитарлық нормалардың сақталуы қадағаланды. Карантинге байланысты көптен бері енді бас қосқан жамағат пандемияның аяқталып, еліміздің амандығы үшін дұға жасап тарқасты.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (4)

Оқи отырыңыз: