Қордай ауданында күмбезі күнмен таласқан "Нұр Мүбәрак" мешітінде күрделі жөндеу жұмыстары жасалуда. Жамағаттың құлшылық ететін жер бетіндегі ең таза орыны Алла үйіне ауданның бас имам Асқар Зәкіржанұлы арнайы барып қайтты.
Ғимараттың іші-сыртын аралап, мешіттің жөндеу жұмыстарымен танысты. Тозығы жеткен жерлер мен оларды жөндеуге арналған материалдарды қарап, жоспар бойынша жасалатын жұмыстар легін қарап шықты.
Құранда Алла Тағала: «Расында, Алланың мешіттерін Аллаға және ақырет күніне иман келтірген, сондай-ақ намаз оқып, зекет берген және тек Алладан қорқатын (пенде) ғана тұрғызады. Міне, олар шын мәнінде тура жол тапқандар» деп, құлшылық үйін салдырушылар мен құрылысына демеу көрсетушілерді сүйіншілейді. Біз де «Нұр Мүбәрак» мешітінің ұжымының атынан қолдау көрсеткен барша атымтай жомарттарға алғыс білдіреміз, - дейді мешіт қызметкерлері.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі