Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлының басшылығымен Cортөбе ауылы "Дінислам" мешітінде көшпелі жиын өтті. Өңірге қарасты мешіттерді аралап, сол тұрғылықты мекеннің хал-ахуалын байқау мақсатында жолға қойылған жиналыстың бұл тәсілі дін мамандарының жұмысын жақсартуда өз пайдасын беріп келеді.
Бас қосуда ауыл имамдарына әдеп, ахлақ бойынша түсіндірме жұмыстары жасалып, имамның халық руханиятының көрінісі, көпке үлгі екендігі тілге тиек болып осы мәселеге бұрынғыдан да аса назар аудару керектігін атап өтілді.
Сонымен қатар жиналыста жамағатпен "ихсан" бағыты бойынша қосымша жұмыстар атқарылу қажеттігі сөз болды. "Исхан" ілімін тұрғындарға жеткізіп, иманды қуаттап, мұсылманшылық қасиеттерді арттыру - халықтың татулығы мен адамгершілігін қалыптастыруда үлкен рөл ойнайтынын да айта кету керек. Жиын соңында дін мамандары күнтәртібіне нақты тапсырмаларды тізіп алды.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі