Шу қаласы Темір жол желілік полиция бөлімінде «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің имамы Бақыт Нұрлыханов кездесу өткізді. Жиында экстремизм мен терроризмге қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Алла Тағала аятта: "Бейкүнә адамдарды өлтіруші болмаңдар, ол – Тәңірі тыйм салған іс. Егер біреу нақақ өлтірсе кек алу хұқығы өлген адамның жақын туысына беріледі. Ол бірақ кек алуда шектен аспауы керек. Шындығында, оған жәрдем болады" - дейді "Исра "сүресінің 33 аятында.
Имам өз сөзінде: "Шариғат белгілері кісі өлтіруді бірнеше түрге бөледі. Әдейі қасақана қан төгуге жаратушы тарапынан ақырет күнінде қатаң ауыр жаза бар. Құран Кәрімнің «Ниса» сүресінде айтылғандай: «Кімде-кім мүмінді қасақана өлтірсе, оның жазасы жаһаннам және ол онда мәңгі күйеді. Алланың қаһары мен қарғысына ұшырайды. Жаратушы оған ауыр азап дайындайды». Құранда себепсіз басқаны ажал құшттырушы Алланың қаһарына ілігіп, о дүниеде тозақ отына күйетіні көрсетілсе, хадисте бұл дұниеде осы қылмысы үшін «қанға-қан» дегендей қысас жолымен ауыр жазаға тартылатыны баяндалған. Алайда, қысас жекелеген топтың шешуімен емес, кәсіби қазының (соттың( шешімімен жүзеге асады"- деп атап өтті.
Ислам террорға, зорлық-зомбылыққа, бейбіт жандарға күш қолдануға түбегейлі қарсы. Бүгінгі таңда әлемнің түпкір-түпкірінде ислам атын жамылып жазықсыз адамдардың қаны төгіліп жатады. Жаратушы сөзімен қарасақ, бір адамға қиянат жасау күллі адамзатқа бағытталған амал ретінде түсіндіріледі. Сонымен Исламның қақтығыс, лаңкестік, зорлық-зомбылықты, өктемдікті ислам діні айыптаған, керісінше қоғамдық тұрақтылық, ізгілікті, ұстамдылықты уағыздаған ислам діні екендігіне көзімізді жеткіземіз.
Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.