Жамбыл ауданының бас имамы Ғайырфулла қажы Қуанышбекұлы аудандық ардагерлер үйінде аудан ардагерлер кеңесінің төрағасы Сырлыбаев Бақыт және Жамбал ауданының билер кеңесінің Төбе биі Жапаров Рахымбекпен, аудан қарияларымен кездесті.
Шарада жастардың тәрбиесі, үлкенді құрметтеу турасында сөз болып, бірге жұмыс атқаратын болып жоспарланды. Әр ауылдың ардагерлер төрағасы ауыл имамдарымен бірге ауылдың ауызбіршілігін, ынтымағын, бірлігін нығайтуға бірігіп жұмыс атқарады.
Қазіргі қоғамда белең алып келе жатқан жастардың ажырасу мәселелерін шешуде осы аудандық билер кеңесінің алар орны ерекше екендігін атап өтейік.
Серік Нұркелді
Жамбыл ауданының баспасөз қызметі