#Жамбыл: «Әжелерге» уағыз айтылды

#Жамбыл: «Әжелерге» уағыз айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданында «Әжелер» мектебі ашылған болатын. Оның басты мақсаты - ұлттық құндылықтарды дәріптеп, дәстүрімізді қайта жаңғырту. Қазақта  «Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді»  демей ме! Алып батырларды да әйел заты тәрбиелеп өсірген. Шаңырақтың ұйытқысы болған әжелер тобы жастарға үлгі болып, жөн сілтейтін ақылшы орта емес пе?

Осы ретте, ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы Жамбыл ауданы Жалпақтөбе ауылы, «Тұрғани» мешітінің ұстазы  Зухра Ибрагимованы шақырып, әжелермен кездесу ұйымдастырып, уағыз айтылды. Ұстаз ауданда ашылып жатқан «Әжелер» мектебімен құттықтап, әжелерге Құран қасиетін, намаздың пайдасы турасында уағыз айтып, игі бастамаға ризашылығын білдірді.

Серік Нұргелді

Жамбыл ауданының баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: