Жуалы аудандық «Толымбай тегі Зиябек» мешітінің бас имамы Амирбаев Нұрлан Жұмакерімұлының басшылығымен аудандық мешіттінде ауыл имамдарының қатысуымен бас қосу болып өтті. Жиналыс барысында ҚМДБ және облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінен келіп түсетін тапсырмаларды дер кезінде орындау керектігі басты назарға алынды.
Аудан имамы Амирбаев Нұрлан Жұмакерімұлы жиналысқа қатысқан ауыл имам-молдаларға осы жылы 7 бағыт бойынша жұмыс атқаратындары жайында, оның мән жайын айтып, тапсырмаға мұқият болып, тиянақты орындауларын жүктеп, биылғы жылы атқаратын жылдық жоспар баяндалды. Сондай ақ, жиын соңында «Мешіт имамдарының қызметтік әдебі» атты кітапша түсіндіріліп таратылды.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі