#Жамбыл: Дінтану мамандары бас қосты

#Жамбыл: Дінтану мамандары бас қосты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданының бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлының ұйытқы болуымен өңірдегі дінтану мамандарының жиыны өтті. 

Шарада қазіргі уақыттағы еліміздегі діни ахуал тілге тиек болып, түйіткілді мәселелер көтерілді. Бас имам Қазақстан мұсылмандарының Рухани Тұғырнамасы тәлімдік құжаты болған "Жеті рухани қазық" туралы жеткізіп, онда айтылған құндылықтар жайлы насихат айтты. 

Тұғырнама мұсылманның тұлабойында табылуы тиіс негізгі жеті көркем сипатты қамтиды. Атап айтқанда, имандылық, отаншыл болу, білім алу, бірлікке болысу, еңбекқорлық, мәдениетті болу және әділдік принципін ұстану. Бұл – адам баласының кісілік келбетін, көркем мінезін қалыптастыруға негіз болатын жеті рухани қазық. 

Ақерке ШАХРИЗАТҚЫЗЫ

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: