#Жамбыл: "Ихсан" ілімі насихатталды

#Жамбыл: "Ихсан" ілімі насихатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл аудандық Жастар орталығында осы өңірдің бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы жастармен жүздесіп, "Ихсан ілімі" жайлы дәріс жүргізді. 

Іс-шара ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының "исхан" білімін насихаттау бастамасы аясында жүзеге асты. 

 «Ихсан» ілімі адамды тақуалыққа тәрбиелейді. «Ихсан дегеніміз не?» деп сұрағанда әз Пайғамбар: «Сені көріп тұрғандай Аллаға құлшылық етуің. Сен Оны көрмесең де Ол сені көріп тұрады» - дейді. Аудан имамы қазақ халқына әуелден таныс ұғымды ғылым тұрғысында жеткізіп, сауалдарына жауап берді.

Ақерке ШАХРИЗАТҚЫЗЫ

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: