Құранды толық жаттаған жастары барда еліміз діни білімнен ада болмас. Алла Тағала: “Сосын ол Кітапты құлдарымыздан таңдағанымызға мұра қылдық” дейді. Осындай әлемдегі ең қасиетті кітап Құран білімін беретін оқу орны Қордай Құран қарилар орталығы. Аталған білім ордасының тыныс-тіршілігімен танысып қайту үшін Қордай ауданының бас имамы арнайы ат басын бұрды.
Қарилар орталығының хал-ахуалы, ғимараттың жағдайы, білім алушыларға жасалған жағдай, кітапханасы, дәріс бөлмелері қаралды. Бас имам Құран ұстаздарымен жүздесіп, жиналыс өткізді.
Жиында ҚМДБ тарапынан берілген тапсырмалар мен 2021 жылы атқарылуы тиіс шаралар тілге тиек болып, жылдық жоспар талқыланды.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі