Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы мен "Қордай Құран қарилар дайындау орталығының" директоры Ғалымжан Шерниязов Масанчи ауылының әкімі Рамазан Малиевпен кездесіп қайтты.
Бас қосуда дін ахуалын тұрақты ұстап тұру мәселесі қозғалып, жиынға қатысушылар өз ойларымен бөлісті. Ауылдағы діни сауаттылық, білім, ұларалық татулық та тілге тиек болды.
Ел қамын ойлаған ел ағалары жоспар негізінде бірлесе жұмыс жасауды мақсат етіп отыр. Осыған байланысты бірнеше ұсыныстар айтылып, шешу жолдары қарастырылды.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі