"Тәрбие - тал бесіктен басталады" дейді дана халқымыз. Ертеңгі болашағымыз болған бүгінгі жас жеткіншектердің діни сауатын қазірден қалыптастыру - иммунитет болмақ.
Осы мақсатта Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы аудандық Ішкі саясат және Дін проблемарын зерттеу орталығының қызметкерлерімен Қордай ауылдық №4 мектепте 9 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Діни экстремизмнің салдары, жат ағымдардың сипаты, олардан сақтану турасында көркем насихат айтып, жастарға маңызды да құнды ақпарат берді.
"Ислам – адамзат баласын бірлікке, бейбітшілікке, татулыққа шақыратын дін. Себебі, бірлік бар жерде – береке, бейбітшілік бар жерде – тыныштық, татулық бар жерде – достық қатынас беки түседі. Алайда ислам атын қой терісін жамылған қасқырдай пайдаланып, халықты түрлі сенімге бөліп, өз мүдделерінің үдесінен шықпақ ниетті жат ағымдардың еліміз ұстанып отырған ішкі, сыртқы бірлігіне сызат түсіріп отырғаны алаңдатады" - дейді бас имам өз сөзінде.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі