Құрма дәніндей алтын бердім...

Құрма дәніндей алтын бердім...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әнәс (р.а.) айтады: «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәллам) Мәдинаға келгенде, Абдуррахман ибн Ауф (р.а.) пен Сағыд ибн Рәби әл-Ансариді бір-біріне бауыр етіп, батасын берді. Сонда Сағыд ибн Рәби Абдуррахман ибн Ауфқа: «Бауырым, мәдиналықтардың ішінде ең дәулеттісі менмін. Малымның жартысын сен ал. Екі әйелім бар, қайсысын қаласаң, сонымен ажырасып, сенімен некелестірейін», – дейді.

Абдуррахман ибн Ауф: «Алла сенің малыңа да, әйеліңе де береке әкелсін, сен маған базарға баратын жолды көрсетсең болды», – дейді. Ол базардың жолын көрсетіп береді. Абдуррахман базар жағалап, саудамен айналысып, біршама пайда түсіреді. Үйіне ірімшік пен май алып қайтады. Арада біраз уақыт өткеннен кейін Абдуррахманның үстінен запырангүлдің иісі бұрқырап келеді. Алла расулы «Жағдай қалай?» – деп сұрағанда, Абдуррахман ибн Ауф бір әйелге үйленгенін айтады.

Алла расулы: «Оған мәхірге не бердің?» – деп сұрайды. «Құрма дәніндей алтын бердім», – дейді ол. Расулаллаһ: «Бір қой сойып болса да, елді шақырып, тамақ бер», – дейді. Абдуррахман (р.а.) айтады: «Уаллаһи, сол кезде едәуір пайда табатынмын, кез келген тасты көтере, қалсам астынан алтын мен күміс шығатындай табысқа кенелетінмін».

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: