Расулаллаһ пен сахабалар аштықтан қарынға тас байлайтын

Расулаллаһ пен сахабалар аштықтан қарынға тас байлайтын

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Әбу Талха (р.а.) айтады: «Бірде аштықтан бұратылып, алдына келіп, жағдайымызды айттық. Тіпті сенбей қоятындай көйлегімізді түріп, қарнымызға не байлап алғанымызды көрсеттік. Сонда Пайғамбарымыз да бізге киімін түріп көрсетті. Өзі бір емес екі тас байлап алған екен».

Ибн Бужәйр (р.а.) айтады: «Бірде Пайғамбарымыз (с.а.с.) аштықтан қарнына тас байлап алған екен, бізге былай деді: «Сөзімді мұқият тыңдаңдар. Дүниеде ішкені алдында, ішпегені артында талай адам бар, олар қиямет күні аш, жалаңаш қалады. Жақсылап тыңдаңдар. Талай адам ішіп-жегеніне мәз, тәнқұмарлығын күйттеп, өзімді жарылқадым деп ойлайды, шын мәнінде, олар өздеріне өздері қиянат жасап жүргенін білмейді. Ал нәпсінің айтқанына жүріп, айдауына көнбегендер түбі жақсылыққа кенеледі».

Айша (р.а.) анамыз Пайғамбарымыз (с.а.с.) өмірден өткеннен кейін тоқшылық орнап, тоғышарлық белең алғанын айтады: «Пайғамбарымыз (с.а.с.) арамыздан кеткеннен кейін, оның үмбетінің арасында байқалған алғашқы нәубет ит басына іркіт төгілген ас та төк молшылық болды. Мұсылмандардың қарны тоқ, көйлегі көк, уайымсыз-қайғысыз өмірден бар есіл-дерті дүниеге ауып, күннен-күнге көздеріне шел бітіп, жақсылық пен жамандықты айырудан қалды».

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: