Джо Байден "мұсылмандарға тыйым салуды" жойды"

Джо Байден "мұсылмандарға тыйым салуды" жойды"

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

АҚШ президенті Джо Байден бейсенбіде "мұсылмандарға тыйым салу"деп аталатын Таяу Шығыстағы бірқатар елдердің өкілдерінің АҚШ-қа кіруіне шектеулерді алып тастау туралы Жарлыққа қол қойды.

2017 жылы Дональд Трамп бұған дейін Президент Жарлығымен Иран, Ливия, Сирия, Йемен, Сомали, Судан және Ирак азаматтарына кіруге тыйым салған. Жарлықты жергілікті деңгейдегі бірқатар сот органдары заңсыз деп тапқаннан кейін, ол түзетіліп, Ирак пен Судан тізімнен шығарылды, бірақ оған Чад және КХДР азаматтары, сондай-ақ Венесуэла шенеуніктері қосылды.

Айта кетейік, 20 қаңтарда Байден Трамптың шешімдерін жоққа шығаратын бірқатар құжаттарға қол қойды. Атап айтқанда, бұл Америка Құрама Штаттарының ДДҰ-дан шығу процесін тоқтату туралы жарлық, Париж климаттық келісіміндегі міндеттемелерге АҚШ-ты қайтару туралы жарлық, Мексика шекарасында қабырға құрылысын тоқтату туралы Жарлық және басқалар.

ASYLDIN.KZ

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: