Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы «Әлжан ана» мешітінде қыздар арасында Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан медресеаралық жарыс өтті.
Жарысқа ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, ақ тілегін арнады. Байқауға еліміздегі медреселердің 20-дан аса шәкірті қатысып, Құранның 29-30, 30 парасын жатқа оқу және мәнерлеп оқу бойынша бақ сынады. Байқау қатысушыларын қазылар алқасының төрағасы Сәдуақас қари Олжабай бастаған белгілі қарилар бағалады.
Нәтижесінде 30 пара номинациясы бойынша бірінші орынды «Сарыағаш» медресе-колледжінің шәкірті Орынкүл Нұрдәулетқызы жеңіп алды. Жүлдегерге бағалы сыйлықты Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының өзі табыстады. Екінші орынды – Асма Ералықызы («Үшқоңыр» медресе-колледжі), үшінші орынды Жәннатгүл Бауыржан («Сарыағаш» медресе-колледжі) иеленді.
29-30 пара номинациясы бойынша бірінші орынға – Зулейха Сигатуллина («Үшқоңыр» медресе-колледжі), екінші орынға – Асель Әділқызы («Үшқоңыр» медресе-колледжі), үшінші орынға Фарида Хадыршаева («Сарыағаш» медресе-колледжі) ие болды. Құран Кәрімді мәнерлеп оқу бойынша бірінші орынды – Айдана Хабдулхамитқызы («Астана» медресе-колледжі), екінші орынды – Фатимабану Абдукаримова («Сарыағаш» медресе-колледжі), үшінші орынды Талшын Ержанқызы («Үшқоңыр» медресе-колледжі) иеленді.
Сондай-ақ байқау барысында ҚМДБ-ға қарасты медреселерде біраз уақыттан бері шәкірт тәрбиелеп келе жатқан бірқатар ұстаздар, атап айтқанда Гүлмира Төлегенқызы («Үшқоңыр» медресе-колледжінің ұстазы), Айдана Санкова («Астана» медресе-колледжінің ұстазы), Райхан Жумадуллаева («Шымкент» медресе-колледжінің ұстазы), Асылзат Мұсабайқызы («Сарыағаш» медресе-колледжінің ұстазы), Зейнеп Әбдірәсілге (Ықылас қарилар дайындау орталығының ұстазы) Ұмра қажылығына жолдама берілді.