Өзбекстандағы «Milka Euro Food» май өнімдерін өндіруші кәсіпорын «ҚМДБ халал» стандарты бойынша сертификатталды.
Кәсіпорын күнделікті тұтынуға арналған сары май, маргарин, спред, қатпарлы қамырға арналған май өнімдерін өндіреді. «Milk Euro food» 15 жыл бойы Орталық Азияны сапалы май өнімдерімен қамтамасыз етіп келе жатқан кәсіпорын. 2004 жылы Швейцар-Өзбек бірлестігі негізінде құрылған. Еуропалық техникалық құрылғылармен жұмыс жасай отырып, халықаралық стандарт талаптарына сай сапалы май өнімдерін дайындайды.
«Milk Euro food» кәсіпорнының «Домашнее застолье», «Vita milk», «Маслодел», «Tatli» сауда белгісімен шығарылатын май өнімдері «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылтаны жалпы талаптар стандарты» бойынша сертификатталды.
Өзбекстандағы іссапар барысында «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен Айжан Омарова «Milk Euro food» өндіріс орнында бақылау-қадағалау шараларын жүргізіп, кәсіпорын қызметкерлеріне оқу-семинар өткізді. Халал өндіріс технологиясы, ерекшеліктері мен артықшылықтары, халал өнімдерге қойылатын талаптар мен бақылау-қадағалау шаралары, шариғатқа сай рұқсат етілген, тыйым салынған тағамдық қоспаларға кеңінен тоқталып, ақпарат берілді. Алдағы уақытта міндетті аудит жұмыстары жүргізіліп тұратыны, технологтармен тығыз байланыста қызмет атқаратыны ескертілді.
Айбек Асқарбекұлы «Milk Euro food» директоры Алимбек Оразтаевқа халал индустриясын дамытуға атсалысқаны үшін алғыс айтып, «ҚМДБ халал» сертификатын табыстады. Өз кезегінде Алимбек Оразтаев шариғи және кәсіби білім мен біліктілікті ұштастырған «Халал Даму» мамандары қызметіне ризашылық білдірді.