2021 жылдың қыркүйегінен бастап Бельгияның француз тілінде сөйлейтін Валлония аймағындағы университеттердегі мұсылман студенттеріне хиджабпен сабақтарына еркін қатысуға рұқсат етіледі. «Керемет жаңалық! Енді мұсылман әйелдер білімін жалғастыра алады және кәсіби мансап туралы армандарын жүзеге асыра алады», - деп жазды Бельгиядағы исламофобиямен күрес қоғамының (CCIB) өкілдері Twitter-де.
Бұл шешім бұған дейін 2020 жылы маусымда енгізілген «діни рәміздерге», оның ішінде мектептер мен университеттердегі хиджабқа тыйым салуды жояды. Мұндай шаралардың қабылдануы Бельгия Конституциялық сотының жоғары оқу орындарына хиджаб киюге тыйым салуға рұқсат берген қаулысына бірнеше наразылықтардан кейін болды.
Бұған дейін Австрияның Конституциялық соты бастауыш сынып оқушыларына хиджаб киюге тыйым салуды кемсітушілікке және конституцияға қайшы деп тауып, оны жойған болатын.
asyldin.kz